★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
БОЛАШАҚ МАМАНДАРМЕН ІС - ШАРА
18.05.2021 жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Тулекбаева Айжамал Конисбаевна мен ПОҚ өкілдері және мамандығының студенттерін қатыстыра отырып «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жаңа редакциясының талаптарымен таныстыру тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта бейне конференция өткізді. Конференция барысында Департамент басшысы Есқараев Бастар Әуелханұлы болашақ маман иелерін ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін жаңа Заң талаптарымен таныстырып, ондағы артықшылықтар мен өзгешеліктерге толық тоқталып өтті. Семинар соңында студенттер тарапынан «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірқатар сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді.






Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж