★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
«Стандарттау және сертификаттау» және «Метрология» ББ студенттерінің өндірістік практикасы
Білім беру сапасын арттырудың бір жолы студенттердің кәсіптік практикадан өтуі болып табылады, онда білім алушылар оқу жылы ішінде ЖОО-да алған теориялық білімдерін бекіте отырып, өз бағыты бойынша практикалық дағдылар мен құзыреттерін алады. Қазіргі уақытта М. Әуезов атындағы ОҚУ «Механика және мұнай-газ ісі» факультетінің «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының «Стандарттау және сертификаттау» және «Метрология» ББ студенттері қала мен облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жазғы өндірістік практикалық базаларында практика өткізіп жатыр. Осындай практика базаларының бірі сәйкестікті растау жөніндегі Орган болып табылады «Тұран Бизнес Групп» ЖШС қызметі, біздің облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары әзірлейтін және оларға халықаралық стандарттың бірі бойынша сәйкестік сертификатын алғысы келетін, олардың талаптары негізінде өздері әзірлеген сапа жүйесінің сәйкестігі тексерілетін менеджменттің әртүрлі жүйелерін сертификаттаумен байланысты болып табылады. Өндірістік практикадан өтудің барлық кезеңінде кафедра мен кәсіпорынның басшылары қажетті кеңестер береді, олардың болашақ кәсіби қызметінің барлық қажетті практикалық құзыреттерін оқытады.


Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж