★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАРДАҒЫ ОРЫН ТАПШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Студенттердің ең өзекті мәселелерінің бірі жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігі болып табылады. Жатақханадан орын ала алмаған студенттер пәтер іздеуге мәжбүр. Осылайша, жалға берілетін үйлердің жалдау ақысының көтерілуі бірінші кезекте студенттерге теріс әсер етеді. Жоғары білім мен тартымдылығын арттыру мақсатында ең алдымен студенттердің шәкіртақы мөлшерін ұлғайту қажет. Осы мәселелердің шешілуі ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. Бұл туралы кандидаттың сенімді өкілдерінің Көлік, коммуникациялар және жаңа технологиялар колледжінде өткен кездесуінде айтылды. Қалалық қоғамдық штаб мүшелері Мұратәлі Қалмұратов, Жартыбекова Гүлжайна, Оспаналиева Рашкүл, Талғат Балтабаев, Құрманбекова Гүлнар, Бектұрғанов Рамазан, Наимбекова Айжан,Қырықбаев Мухаммед,Омаров Баймырза өз сөздерінде студенттердің жатақханаларында орындардың тапшылығы мәселесін жою мақсатында Мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы қарастырылатынын, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізу мүмкіндігі берілетіндігін атап өтті. Штаб мүшелері Қазақстанның жарқын болашағы үшін үздік кандидатты қолдау қажеттігін атап өтті.


Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж