★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
2024 жыл қыркүйек айының 16 күні М.Әуезов атындағы ОҚУ жиналыстар залында «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің 1-курс студенттерімен бейімделу апталығы аясындағы кездесу өтті.
Кездесу барысында Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғ.Ә.Бесбаев, факультет деканы және де университеттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары білім алу процесіндегі ерекшеліктер, студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының оң тұстары, академиялық ұтқырлық, кітапхана және электронды ресурстарды пайдалану, университет қабырғасында білім алушыларға жасалған мүмкіндіктермен жан-жақты таныстырды. Кездесуде білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымдары түсіндіріліп, адалдық және парасаттылық құндылықтары насихатталды. Сонымен қатар жастар орталығының басшысы және факультеттің студенттік сенаторы университеттегі өзін өзі басқару жүйесімен таныстырып, білім алушыларды қоғамдық белсенділікке шақырды.








Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж