★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
«Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» деп аталатын әдеби-сазды кеш тақырыбында ашық тәлімгерлік сағаты өтті
18 қазан 2024 ж. күні, сағат 11.30-да, 131 В аудиториясында кафедраның 1 курс ММГ-24-14к, ММГ-24-2к, ММГ-24-5р топтарының студенттері ұйымдастырған Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» деп аталатын әдеби-сазды кеш тақырыбында ашық тәлімгерлік сағаты өтті.
Қазақ халқы зиялыларының бірі, XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал - серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде - ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин жайлы студенттерге мағлұмат беру, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысының өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақын шығармаларының өміршеңдігін көпшілікке таныту, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілген ашық тәлімгерлік сағатына «Механика және мұнай газ ісі» факультетінің деканы Рысдаулетов Райымберді Аманұлы, «Механика және машинажасау» кафедрасының меңгерушісі Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы, топтардың тәлімгерлері Қазтуғанова Гүлсара Алдабергенқызы, Молдағалиев Арман Бердібекұлы, Сейтханов Азамат Мұхтарұлы және кафедра оқытушылары мен 1 курс студенттері қатысты.




Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж