★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
«ЗИЯТКЕР-2024»: «МЕХАНИКА ЖӘНЕ МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің студенттер арасында өткен «Зияткер» интеллектуалды ойыны мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Факультетаралық танымдық сайысқа 15 команда қатысып, өз білімдерін көрсетті. Екі күндік білім сайысы тартысты да, қызықты өтті. Танымдық сайысты өткізудегі басты мақсат – жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, бос уақыттарын мазмұнды өткізу, дарынды студенттерге қолдау жасау, тұлғалық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Қорытынды есепте, «Механика және мұнай-газ ісі» факультетінің «ММГ» командасы 1 орын алып, өздерінің үздік екенін дәлелдеді, 2 орын «Филология» факультетінің «Кербез» командасына бұйырды. Үшінші орынға «Заң» факультетінің «Фемида» командасы лайық деп танылды. «Кербез» командасынан Жасмин Кемелхан «Үздік капитан», «Фемидадан» Эмиль Сейдахметов «Үздік ойыншы» атанды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Алғыс хат және сертификат табысталды. «ММГ» командасы алдағы жылы өтетін өңірлік сайысқа жолдама алды. Интеллектуалды ойынға қолдау білдірген Әуезов түлектері қауымдастығына ұйымдастырушылар атынан зор алғысымызды білдіреміз! Ойынның толық нұсқасы https://www.youtube.com/channel/UC9k_Ww1un7ff2m8GuD0ZV0w/videos каналында.












Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж