★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
"ТПУ-дың шақырылған профессоры Ульев Л.М. «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасында дәрістер оқуда."
2024 жылдың 20-30 желтоқсаны аралығында М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасында Томск политехникалық университетінің Химиялық және биомедициналық технологиялар зерттеу мектебінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, шетелдік ғалым Ульев Леонид Михайлович дәрістер сериясын өткізуде. Білім беру бағдарламасы аясында профессор Ульев технологиялық машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ химиялық және биомедициналық технологиялар саласындағы көпжылдық тәжірибесі мен терең білімдерін бөлісуде. Оқыту «Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)» және «Мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр, магистранттар мен докторанттарға арналған. Профессор тыңдаушыларды зерттеудің заманауи әдістерімен, жабдықтардың ең жаңа конструкциялары және перспективалық технологиялармен таныстырады. Леонид Михайловичтің дәрістері практикалық кейстердің егжей-тегжейлі талдауларымен және әлемдік озық тәжірибелерді көрсетумен сүйемелденеді. Осындай жоғары білікті маманның қатысуы студенттер мен магистранттардың білімін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар жас ғалымдар мен мамандардың даярлық деңгейін арттыруға, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл ынтымақтастық университеттер арасындағы ғылыми-білім беру алмасудың маңыздылығын көрсетіп, болашақтағы бірлескен зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж