★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
Өндіріс әлеміне экскурсия!
05.06.2025 жылы М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың 6B05301 – Химия (ғылыми) және 6B07102 – Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандықтарының студенттері «Zeinep» ЖШС, «Dapter» ЖШС және «Qazaq ordasy» кәсіпорындарына кәсіби экскурсия жасады. ? Студенттеріміз өндірістік процестермен, жаңа технологиялармен, заманауи жабдықтармен танысып, өз салаларындағы нақты жұмыс жағдайларын көзбен көрді. Экскурссияда университеттің оқытушылар құрамы мен Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталығының директоры болды. ? Экскурсия аясында жоғары оқу орны мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл — болашақ тәжірибе мен жұмыспен қамтудың берік негізі! ? Кәсіби бағдардың жарқын сәттерімен бөлісеміз!
Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж