★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
"ТМ үшін Жоғары математика және физика" кафедрасының оқытушылары - «Бүкіл әлемдік тазалық күні» аясында өткізілген сенбілікке қатысты.
20.09.2025ж. күні "ТМ үшін Жоғары математика және физика" кафедрасының оқытушылары - «Бүкіл әлемдік тазалық күні» аясында өткізілген сенбілікке қатысты. «Бүкіл әлемдік тазалық күні» аясында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болды. Сенбілікке ұжым мүшелері мен студентер қатысып, белгіленген аумақты қоқыстан тазартты. Ағаш түптері әктеліп, қураған жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тазалық сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қатысушылар ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар табиғатқа деген жанашырлықты арттырып қана қоймай, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Тазалық – әр адамның азаматтық борышы. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз.




Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж