★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
«Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
2026 жылдың 22 мамырында өткен «Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Механика, машинажасау және мұнай – газ ісі» факультетінің студенттері мен түлектері белсенді қатысты. Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз кәсіпорындарының қызметі, бос жұмыс орындары және жас мамандарға қойылатын талаптар туралы ақпарат берді. Жәрмеңкеге қатысқан «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК ШТФ, «Интертехсервис-ИТС» ЖШС, "АйМар Құс" ЖШС, «Нефтехимстрой-ЮГ» ЖШС, «Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС, «НУПЦ Мұнай газ проект» ЖШС және «Шымкент Май» ЖШС өкілдері студенттермен кездесіп, өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін таныстырды. Іс-шара жас мамандар мен жұмыс берушілер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етті.



Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж