Рейтингтер мен жетістіктер

«Ақиқат» орталығының спикерлері «Zhubanov CUP VIII» турнирінің жеңімпазы атанды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Ақиқат» пікірсайыс орталығының спикерлері Ақтөбе қаласында өткен «Zhubanov CUP VIII» республикалық турнирінде екі лигада да І орын иеленді.
«Озық ойлы ұлт: құқық, білім және технология» тақырыбындағы додаға 14 облыс пен 19 жоғары оқу орнынан 140 спикер қатысты.
Бета лигасы – І орын
«Аттила» фракциясы: Қалдыбай Рауан, Шәкір Азамат.
Жастар лигасы – І орын
«Ұшқын» фракциясы: Сейдиғали Абзал, Төленбек Диана.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы жетістіктеріңіз мол болып, университет мерейін асқақтата беріңіздер!
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға