Рейтингтер мен жетістіктер

Cтудентіміз – Қазақстан чемпионатының жүлдегері!

Тараз қаласында өткен кикбоксингтен ҚР чемпионатында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенті Сырым Шайзадаев жүлдегер атанды.
Елдің түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылар бас қосқан дүбірлі додада Сырым 63 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, өзінің шеберлігі мен жоғары дайындығын көрсетті. Қарсыластарына лайықты қарсылық танытып, әр жекпе-жекте жеңіске деген жігері мен табандылығын дәлелдеді. Айтып өтейік, Сырым Шайзадаев бұған дейін де халықаралық жарыстарда топ жарып, өз шеберлігін талай мәрте дәлелдеген.
Ал Қазақстан чемпионаты спортшылардың кәсіби деңгейін саралап, шеберлігін шыңдайтын маңызды жарыстардың бірі. Мұндай бәсекеде жүлдегер атану – тынымсыз жаттығудың, тәртіп пен төзімділіктің және спортқа деген адалдықтың нәтижесі.
Жас спортшының жетістігі білім мен спортты қатар алып жүрген студенттерге үлгі болары сөзсіз.
Университет ұжымы Сырым Шайзадаевты айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейді!
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға

Мынаны да оқыңыз

Рейтингтер мен жетістіктер ·

Әуезов университетінің проректоры Садыбек Бейсенбаев «Қаныш Сәтбаев» медалімен марапатталды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының доктор…