М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы

Документы системы менеджмента качества за учебный год.

«М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнамасының нәтижесі бойынша аналитикалық есеп
(2021-2022 оқу жылы үшін)

Ағымдағы жылдың 01.11-05.11қараша айының аралығында университетіміздің «Әлеуметтік зерттеулер бөлімі» «ОҚУ-нің студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнама өткізді.

Зерттеудің мақсаты:

Студенттердің жатақханадағы әлеуметтік ахуал мен тұрмыс жағдайына көзқарасы, оны бағалауы, жатақханадағы жауапты қызметкерлермен қарым-қатынасы, жатақханадағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, студенттердің бос уақыттын тиімді өткізуін сараптау,өйткені бұл жоғары оқу орнындағы оқытудың сапасына тікелей әсер етеді.

Зерттеудің міндеттері:

  • Жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануын бағалау;
  • Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы және жатақханадағы тәрбие жұмысының орындалуын сараптау;
  • Жатақханада кездесетін ең негізгі мәселелерді анықтау;
  • студенттердің өмір сүру деңгейін және олардың оқу қызметі үшін әлеуметтік көңіл-күй жағдайларын бағалау.

Зерттеу жүргізу аймағы: ОҚУ-нің №1, 2, 4, 5 жатақханалары.

Сауалнаманы өткізудің әдісі: жатақханаларда тұратын студенттерге сауалнама жүргізу. Анкеталық сұрақ-жауап.


Хабарландыру

Сауалнама

Остались вопросы?

Свяжитесь с нами — поможем найти нужную информацию.