★«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі

Республикалық пән аралық олимпиада «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» кафедрасы ЖТ-14-2ар4 тобының студенттері

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген ІХ Республикалық пәндік олимпиадасында 5В072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша 3 орын алғаны үшін М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті командасы 3 дәрежелік дипломмен марапатталды. Бұл Республикалық ауқымды шараға бүкіл Қазақстаннан жоғары оқу орындарынан 17 команда қатысты. Республикалық пәндік олимпиадасы бірнеше кезеңнен тұрды.

Екі күн бойы әр аймақтан келген жоғары оқу орындарының студенттік топтары өздерінің оқу бойынша жетістіктерін, теориялық білімдерін және де өздерінің алған білімдерін лаборатория мен практика жүзінде көрсетті. Соңғы кезеңде инновациялық ғылыми жобаны қорғау болды. Әр кезең бойы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті командасы өздерінің алғырлығымен, білімділігімен әрі жылдамдығымен көзге түсті.

Команда құрамы: ЖТ-14-2ар4 тобының студенттері Карлова Жанель ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Шингисов А.У., Чистякова Кристина ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Шамбулова Г.Д., Гапурова Наргиз ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Қалдыбекова Ж.Б.

← Барлық жаңалықтар