★«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі
TEX4FUTURE: Өзбекстан мен Қазақстандағы болашақ текстиль өндірісі ERASMUS-101128738-EDU-2023-CBHE
TEX4FUTURE: Өзбекстан мен Қазақстандағы болашақ текстиль өндірісі
ERASMUS-101128738-EDU-2023-CBHE
2025 жылғы 14 мен 21 мамыр аралығында қонақжай Измир қаласында TEX4FUTURE халықаралық жобасы аясында жоғары деңгейдегі оқу бағдарламасы өтті. Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан академиялық топтарын біріктіріп, текстиль саласындағы білім беру мен зерттеулер саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды кеңейтуді мақсат етті.
Профессор Асиль Дейр «Текстильді өңдеу» және «Текстильдің химиялық сынақтары» тақырыптарында лекциялар оқыды. Сонымен қатар, ол арнайы сынақ жабдықтарын пайдалана отырып, текстиль материалдарының химиялық және физикалық қасиеттерін талдауға арналған зертханалық сабақтар өткізді.
Профессор Октай Памук пен Мехмет Кючюк делегацияларды басқарды және текстиль мен тігін кәсіпорындарына сапарлар ұйымдастырды. Қатысушылар өндірістік процестер мен технологиялық тәжірибелермен нақты жағдайларда танысты. Профессор Мехмет Кючюк «Киім өндірісі технологиясы» тақырыбында лекция оқып, тігін өндірісіндегі қазіргі тенденциялар мен инновацияларға ерекше тоқталды.
Бағдарламаға мәдени шаралар да енгізілді. Мәдени бағдарлама аясында қатысушылар Этнографиялық музей мен Қағаз және кітап өнері музейіне барып, жергілікті мұра мен дәстүрлі өнер түрлерімен танысты.
Қазақстандық делегация құрамына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен мыналар кірді:
- Текстиль және тағамдық машиналар факультетінің деканы Еркебаева С.У.
- «Текстиль материалдарын технологиясы және жобалау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. А.А. Ешжанов
- Сол кафедраның аға оқытушысы, т.ғ.к. Г.Я. Калдыбаева
- Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің оқытушысы А.Р. Калдыбаева
Басқа жаңалықтар

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ!
1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күніне орай Жоғары мектебіміздің бірқатар профессор-оқытушылары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда: «Жоғары және жоғары о

Шымкент қаласындағы ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицейі оқушыларының университетке танымдық сапары
1 қазан күні Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің "Тоқыма және тамақ инженериясы" жоғары мектебінде Ашық есік күніне орай Шымкент қ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРА БАСТАЛДЫ
2026 жылғы 14 қыркүйек күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебіне қарасты «Азық-түлік ө