★«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі

Халықаралық онлайн қысқы мектептің ашылуы өтті

Бүгін «Тоқыма және тамақ инженериясы» ЖМ-де «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлық трансформация жағдайында жеңіл және тамақ өнеркәсібін жаңғыртуға бағытталған интегративті ғылыми-технологиялық тәсілдері» тақырыбындағы Халықаралық онлайн қысқы мектептің ашылуы өтті.

Қысқы мектеп аясында жеңіл және тамақ өнеркәсібін цифрландыру, өндірісті жаңғырту, текстиль және тағам инженериясындағы инновациялық технологиялар бойынша заманауи ғылыми-тәжірибелік бағыттар қарастырылады.

Бағдарлама мақсаты – әртүрлі ғылыми мектептер мен жоғары оқу орындарының күшін біріктіріп, жаңа білім мен тәжірибе алмасу, саланың ғылыми-технологиялық дамуына серпін беру.

← Барлық жаңалықтар