★«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі
«Заң мен тәртіп: Әділеттіліктің негізі» тақырыбында кездесу өткізілді
"Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасында «Заң мен тәртіп: Әділеттіліктің негізі» тақырыбы бойынша Ашық есік күніне арналған іс-шара ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді. Мақсаты: Студенттер мен қонақтарға құқық пен тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру, әділеттіліктің негізгі қағидаларын көрсету, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың заңға деген құрметін арттыру. Бағыты: Іс-шара барысында құқықтық тәртіп және әділеттілік негіздері туралы мазмұнды қысқаша лекция оқылып, қатысушыларға заңның қоғамдағы орны мен рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметінің таныстырылымы ұсынылып, олардың күнделікті қызметі мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы айтылды. Студенттердің белсенді қатысуымен ашық пікірталас болды. Күні мен орны: 17.03.2026 ж. сағат 13:00-де, 121 бас ғимаратында өтті. Қатысушылар: ЖТ-25-9к, ЖТ-25-7к топтары, кафедраның аға тәлімгері Садырбаева И.Р., топ тәлімгерлері Көбеева Ж.Қ., Мұхтарова Г.Қ., оқытушылар құрамы және арнайы шақырылған қонақтар. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар құқық пен тәртіптің қоғамдағы рөлін терең түсініп, әділеттілік қағидаларын практикалық мысалдар арқылы меңгерді. Студенттердің құқықтық сауаттылығы артып, заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілік сезімі нығайды деп сенеміз.






Басқа жаңалықтар

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ!
1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күніне орай Жоғары мектебіміздің бірқатар профессор-оқытушылары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда: «Жоғары және жоғары о

Шымкент қаласындағы ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицейі оқушыларының университетке танымдық сапары
1 қазан күні Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің "Тоқыма және тамақ инженериясы" жоғары мектебінде Ашық есік күніне орай Шымкент қ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРА БАСТАЛДЫ
2026 жылғы 14 қыркүйек күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебіне қарасты «Азық-түлік ө