★«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ TEX4FUTURE ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында 2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында ERASMUS+ TEX4FUTURE (101128738 – GAP-101128738) – «Өзбекстан мен Қазақстандағы болашаққа арналған тоқыма өндірісі» халықаралық жобасы аясында IX-шы кездесу Консультативтік кеңесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, сондай-ақ тоқыма және жеңіл өнеркәсіп саласындағы серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында жобаның іске асырылу барысы талқыланып, білім беру бағдарламаларын жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу, өндіріс пен ғылым арасындағы байланысты нығайту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, университетте ERASMUS+ бағдарламасының қолдауымен «Textile Manufacturing for the Future in Uzbekistan and Kazakhstan» (TEX4FUTURE) жобасы аясында тоқыма материалдарын сынау орталығы ашылды. Бұл орталық – тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін заманауи ғылыми-практикалық база ретінде қызмет ететін бірегей жоба болып табылады. Орталық жаңа материалдарды сынақтан өткізу, сапасын бағалау және инновациялық шешімдерді енгізу арқылы саланың дамуына серпін береді. Қатысушылар тоқыма саласында білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдерін, цифрландыру мен тұрақты өндіріс қағидаларын енгізу бағыттарын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша жобаның келесі кезеңдеріне арналған ұсыныстар әзірленіп, серіктестер арасындағы өзара тәжірибе алмасу одан әрі жалғасын табатыны атап өтілді.


















Басқа жаңалықтар

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ!
1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күніне орай Жоғары мектебіміздің бірқатар профессор-оқытушылары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда: «Жоғары және жоғары о

Шымкент қаласындағы ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицейі оқушыларының университетке танымдық сапары
1 қазан күні Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің "Тоқыма және тамақ инженериясы" жоғары мектебінде Ашық есік күніне орай Шымкент қ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРА БАСТАЛДЫ
2026 жылғы 14 қыркүйек күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебіне қарасты «Азық-түлік ө