★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі

Мен даланың ұлымын

18.03.2015 күні «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілі» кафедрасында Физули сыйлығының лауреаты Құрал Көмекпен «Мен даланың ұлымын» атты шығармашылық кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастыруға ИП-13-4к1 тобының студенттері мен тәлімгері Байдабекова М. С. екпінді атсалысты. Кездесу қонағы өзінің «Мен даланың ұлымын», «Евростандарт», «Цирк алаңы» және басқа өлеңдерін оқыды. Бұл шығарманың авторына шығармашылық жоспарын туралы, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы сұрақтар қойылды. Құрал Көмек әрбір сұраққа үлкен қызығушылықпен жауап берді. Поэтикалық шығармашылық кездесу қатысушылардың рухани байлығын молайтты.

← Барлық жаңалықтар