★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
«English speaking countries»
22.04.2015. Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдер кафедрасының оқытушысы Туртаева Р.Н. СМ-14-6р8 р тобында факультет көлемінде « English speaking countries» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Студенттер ағылшын тілінде сөйлейтін әр елдің өкілі ретінде өз елдерін таныстырып өтті. Топ студенттері әр елдің салт- дәстүрін, сол елдің заманауи білім алу жүйесін , ұлттық нақышта өрнектелген киім үлгілерімен өнерлерін көрсетті. Сабақ рөлдік ойын түрінде өтті. Тәрбие сағаты барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп , рөлдік ойынның қызықты және түсінікті өтуіне атсалысты. Ашық тәрбие сағаты студенттердің үш тілді де еркін меңгергендігін дәлелдеді.Студенттер өз белсенділіктерін көрсетті. Жоғарғы мектеп тарапынан аға тәлімгер Усербаева Ж.Н «МММ» кафедрасының аға тәлімгері Қамбарова , «ИС» кафедрасының аға тәлімгері Байназарова И. және техникалық мамандықтар бойынша шет тілдер кафедрасының оқытушылары қатысты. Ашық сабақ соңында кафедраның білікті ұстазы Насыров Ш.Н сөз сөйлеп, қатысқан студенттерге алғысын білдірді. Жоғарғы мектеп аға тәлімгері Усербаева Ж.Н ЖОО қабырғасында үш тілді еркін меңгерген студенттердің білім алуы кафедра ұжымы үшін ғана емес университеттің де мақтанышы екендігін айтып өтті.
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr