★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
Білім күні
Қыркүйектің 1 күні сағат 9:00-де «Қызғалдақ» су бұрқағында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түскен 1-курс студенттеріне арнайы 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті. Дәстүр бойынша жаңа оқу жылына 1-курс студенттеріне салтанатты түрде «білім кілті» мен «сынақ кітапшасын» университетіміздің ректоры Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы табыстады.
Шараның жалғасы «Г» ғимаратының 605 ауд. «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектеп администрациясы, кафедра меңгерушілері және топ тәлімгерлерін таныстыруымен жалғасты.
Кездесу барысында жоғары мектеп деканы Бесбев Ғ.Ә. 1-курс студенттеріне ізгі ниет-тілегін білдіріп, студенттерге алдағы оқу жылдарында үлкен табыстар, жақсы жетістіктерге жетуін, оқуда озат болуын тіледі сонымен қатар университеттің ішкі және сыртқы тәртібімен таныстырып өтті. Кездесу соңында кафедра меңгерушілері таңдаған мамандығына түскен студенттерді болашақ оқу орнымен және кафедра тіршілігімен таныстырды.
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr