★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
Тәуелсіздік – тұғырым
Қараша айының 25 жұлдызында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының ИП-16-6к1 тобының студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл толуына орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәлімгерлік сағатын өткізді. Бұл тәрбие сағаты 1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналды. Іс-шара барысында өлеңдер айтылып, күй тартылып, гитара ауенімен «Желтоқсан желі...» әні шырқалды, желтоқсан оқиғасының құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова туралы көріністер көрсетілді. Осы іс-шараға тәрбие жұмыстары және жастар саясатының департаментінің бас маманы Н.А.Чернявская, ЕТжБҚ кафедрасының меңгерушісі С.Т.Ахметова, АТжЭ ЖМ аға тәлімгері Ж.У.Нышанбаева қатысты.
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr