★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
ҚР Президентінің билік өкілеттіктерін қайта бөлу туралы үндеуін талқылау
27 қаңтар күні «АТжЭ» жоғары мектебінің ОПҚ және студенттермен ҚР Президентінің билік өкілеттіктерін қайта бөлу туралы үндеуін талқылау кездесуі өтті. Жоғары мектептің деканы Ғ.Ә.Бесбаев алдағы уақыттағы бірқатар реформалардың негізгі мәнін түсіндірді, атап айтқанда Президент өз өкілеттіктерін Парламент және Үкіметке беру туралы. Ол алдағы реформаның тәуелсіз Қазақстанның жылнамасында жаңа беттерді ашады және республиканың одан әрі тиімді дамуына бағытталған деп атап көрсетті. Кездесуге «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцентС.А.Мажинбеков арнайы шақырылды. Өз сөзінде С.А.Мажинбеков Елбасы жариялаған саяси жүйенің модернизациясы мемлекеттілікті нығайтуға, биліктің барлық үш тармақтарының оңтайлы өзара әрекеттесуіне және әрқайсысының жауапкершілігін арттыруға әкелетінін айтты. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Қ.А.Өтебаев өз сөзіндебилік өкілеттіктерін қайта бөлу Үкімет және Парламент арасында баланс пен қарама-қарсылықты орнатуға мүмкіндік беретінін, оның барлығы билік жұмысына тиімді әсер ететінін, сонымен қатар бұл реформа Елбасының сарабдал шешімі екенін және де реформаның өзекті екенін айтты. ЖМ аға тәлімгері Ж.У.Нышанбаева аталған реформаны қолдайтынын айтып, алдағы уақыттағы еліміздің саяси құрылымындағы жаһандану өзгерістерін бүкілхалықтық талқылауда белсенділік танытуға шақырды.
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr