★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
“Рухани жаңғыруда ақпараттық қоғамның дамуы” тақырыбында іс шара өткізілді.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен 05.10.2018 ж күні “Рухани жаңғыруда ақпараттық қоғамның дамуы’ тақырыбында іс шара өткізілді. Іс шара барысында тақырыпқа байланысты баяндама оқылып, патриоттық әндер айтылды. Іс-шара барысында заман талабына сай рухани жаңғыруда ақпараттық коғамның дамуы жоғарылап жатқанын баяндамада айтылып, ары қарай жаңғыруға өз үлестерін қосатынын студент жастар атап айтты.Айта кетсек АП 18-2к2 тобының студенті Омар Перизат өзінің жүрегінен шыққан өлеңін айтты.
Елдігім өзгелерден ерік деп бір
Жалынды жастарымды зерек деп біл
Ақпараттар ағымын асқақтатып
Рухани жаңғыруың керек боп тұр.
Арман ойлар алдынбас алашаққа
Батыл бағдар жетелер болашаққа
Ақпараттар ағымы алға жылжып
Біз жетеміз жарқын бір болашаққа

АТ және Э жоғары мектебінің ғылыми зерттеу жұмысының жетекшісі Сарибаев Әбдішүкір іс шараны ашып берді.


Рухани жаңғыруға байланысты көрініс көрсетіліп, ән, би шырқалды.

Рухани жаңғыру бөлімінен Тапалов Дүйсенбек Жәнібекұлы сөз алды

Іс шара соңында АКТ кафедрасының меңгерушісі Джусупбекова Гулзат Тұрысбекқызы сөз алып, белсенді қатысқан студенттерге алғыс хат табыстады.

Іс шараға рухани жаңғыру бөлімінен, кафедра меңгерушілері және кафедра оқытушылары және белсенді студенттер қатысты.
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr