★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
«Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім»
2021 жылдың 25 қараша күні «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі, «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының оқытушылары Асилова Э.А., Бекжигитова А.Е. ИП-21-3к2, ИП-21-8к топтарымен №2 жатақханада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім» атты ашық тәрбие сабағын ұйымдастырды. Тәрбие сабағында 1986 жылғы 16 Желтоқсан көтерілісі еске түсірілді. Студенттер Қайрат Рысқұлбековтың өміріне көрініс қойды, хор ұйымдастырды. «Қазақстанның тәуелсіздік алуы» тақырыбында Жақсылық М. баяндама дайындады.
Іс-шараға «АТжЭ» ЖМ деканы Шертаев Е.Т., «АЖ және М» кафедрасының меңгерушісі Изтаев Ж.Д., қатысып, студенттерге еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын деген тілектерімен қорытындылады.

Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr