★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі

«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасында шетелдік ғалым, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Фатима Халид (Малайзия Путра университеті) студенттер мен магистранттарға арналған мастер класс өткізді

2021 жылдың 15 желтоқсанында Г ғимараттың 705 аудиториясында «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасында шақырылған шетелдік оқытушы ғалым,қауымдастырылған профессор, PhD докторы Фатима Халид (Малайзия Путра университеті) 6В06120-Ақпараттық жүйелержәне 6В06140-Математикалық және компьютерлік модельдеу Білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарына шеберлік сыныбын өткізді.

Әдебиеттерге шолу қалай жасалады?- деген тақырыпта 3 сағаттық шеберлік сыныбы өткізілді. Шеберлік сыныбында студенттердің ғылыми ізденістері бойынша толық ақпарат және әдебиеттерге шолуды жүргізу алгоритмі берілді. Мастер-класс бакалавриатжәне магистратура курстарын аяқтау үшін өте пайдалы болды.

← Барлық жаңалықтар