★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі

«Туған жер» арнайы жобасы бойынша қайырымдылық шарасы

2021 жылдың 29 желтоқсанында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Техникалық мамандықтарға арналған шет тілі» кафедрасы қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету арқылы бірлікті нығайтуға бағытталады. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқытушылар сыйлықтар мен басқа да қажетті азық-түліктер тарту етті.

← Барлық жаңалықтар