★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
«Жаңа Қазақстанның IT саласы білімді жастардың қолында» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
2022 жылдың 9 желтоқсан күні «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғарғы мектебінде «Жаңа Қазақстанның IT саласы білімді жастардың қолында» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» секциясында 14 студенттің баяндамаларын тыңдау жоспарланған. Секцияның жұмыс барысында жоспарланған 14 баяндама тыңдалды және олардың 12-сі марапатталды. Сонымен қатар конференцияда белсене катысып, баяндама жасаған 12 студент мақтау қағаздарымен марапатталды.
Баяндамалар келесі бағыттарды қамтыды:
- Web сайт жасау тәсілдері.
- Заманауи ақпараттық технологиялар
- Робототехника
Қазіргі таңдағы заманауи ақпараттық коммуникациялық технологиялар және олардың ғылыми салалардағы, қоғамдағы үлесі туралы студенттер баяндамаларында қызу талқыланып, қарастырылды. Баяндамашы студенттердің көпшілігі баяндамаларын ағылшын тілінде еркін меңгерген және ағылшын тілінде жоғары деңгейде баяндауға қабілетті екендіктерін көрсетті. Сонымен қатар тыңдаушылар зор қызығушылықпен тыңдады. Баяндамалардың ішінен кафедра оқытушыларының бір ауызды пікірімен студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr