★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
«Менің жетістігім - менің нәтижем»
2024 жылы қыркүйек айының 25-ші күніМ.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 6В04310-«Архитектура» білім беру бағдарламасы бойынша СМ-24-5к61-курс білім алушылармен «Менің жетістігім — менің нәтижем» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. «Техникалық мамандықтар үшін Шет тілі» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Г.А.Сатылханова және аға оқытушы Л.А.Джиянбаева тәрбие сағатын аша отырып, жетістіктің мәні мен маңызын түсіндірді. Олар білім алушыларға жетістікке жетудің бірнеше негізгі факторларын атап көрсетті: мақсат қоя білу, еңбектену, жауапкершілік және уақытты дұрыс басқару туралы айтып өтті. Жетістік — тек академиялық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар, адамзаттың жеке дамуы, әлеуметтік қарым-қатынастары және өмірлік тәжірибе жинақтау екендігін нақтылады. Білім алушылар өз жетістіктері мен нәтижелері туралы ой бөлісіп, оқу мен өмірдегі мақсаттарына жету жолдарын талқылады. Іс-шара соңындаСМ-24-5к61-курс тобының білім алушылары өздерінің жетістіктерін одан әрі арттыруға ниеттеніп, алдағы оқу жылында белсенділік танытуға уәде берді. «Менің жетістігім — менің нәтижем» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстел білім алушыларға мотивациясын көтеріп, мақсаттарына жету жолында жаңа серпін берді.








Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr