★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі

"Кітап сүйер жастар фестивалі" тақырыбында челлендж

«Ақпараттық технологиялар және энергетика» ЖМ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен 02.04.2025ж. Кафедра оқытушысы Тастанбекова Баян Өміразаққызымен "Кітап сүйер жастар фестивалі" тақырыбында1-ші курс СМ-24-6к3 тобының білім алушыларымен челлендж өткізілді. "Кітап сүйер жастар" – бұл кітап оқуды ұнататын, әдебиетке қызығатын және білімге құштар жас ұрпақ. Олар өзара пікір алмасып, жаңа шығармаларды талқылап, әдебиет арқылы өзін-өзі дамытуға ұмтылады. Кітап сүйер жастардың ерекшеліктері:
Оқу мәдениеті – олар түрлі жанрдағы кітаптарды оқып, ой-өрісін кеңейтеді.
Талқылау дағдысы – оқыған кітаптары жайлы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салады.
Шығармашылық қабілет – кейбірі өлең жазады, әңгіме құрастырады немесе блог жүргізеді.
Кітап клубтарына қатысу – пікірлес адамдармен бірігіп, әдеби талқылаулар өткізеді.
Өзін-өзі дамытуға ұмтылыс – жаңа білім іздеп, әрдайым жетілуге тырысады.

← Барлық жаңалықтар