★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
Ғылым дауысы: әлемді өзгертетін инновациялар
2025 жылдың 22 сәуірінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ғылым дауысы: әлемді өзгертетін инновациялар» тақырыбында мазмұнды семинар-кездесу өтті.Ауқымды іс-шараға мектептің 10–11-сынып оқушылары мен ұстаздары қатысып, тың идеялармен сусындауға мүмкіндік алды. Кездесуге арнайы шақырылған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің беделді ғалымдары мен оқытушылары өздерінің ғылымдағы тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, келесі профессор-оқытушылар құрамы қатысып, мазмұнды ойларымен бөлісті:
- Изтаев Жалғасбек Дулатұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының меңгерушісі;
- Ахметова Сабира Тастанқызы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі;
- Жұматаев Нұрлыбек Срайылұлы – PhD, доцент;
- Джусупбекова Гүлзат Турысбекқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі;
- Нұрмағамбет Саян Досжанұлы – Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі декан орынбасары.
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr

