★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
Қайырымдылық іс шара
12.01.2026 күні М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Ақпараттық технологиялар және Энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайырымдылық іс шара бойынша барды. Мектеп директоры Шорабек Н.Ш. бізді қуана қарсы алып, мектеп тынысымен таныстырды. Кездесу барысында мектеп ұжымы бізге арнап оқушылардың спорттық деңгейімен таныстыру мақсатында спорттық іс-шаралар жүргізді. Оқушылар арасында өзара жарыс ұйымдастырып өз өнерлерін көрсетті. Мектептегі оқушылардың бәрі алғыр, ақылды балалар екен. Біздің ұжым үшін бұл кездесу ерекше, әрі әсерлі болды. Оқушыларға арнап «Қуантсаң баланы қуант» демекші демеушілік ретінде оқушыларға арнап ақыл ойды, зейінін, есту қабілетін дамытатын ойыншықтар да ала бардық. Бұл мектеп ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мамандандырылған білім ордасы. Бұл мекеме балалардың әлеуметтік бейімделуіне, оңалту жұмыстарына және еңбекке баулуға бағытталған. Мекеменің негізгі мақсаты: Мектеп-интернат интеллектуалдық дамуында ауытқулары бар балаларды оқытуға, тәрбиелеуге және оларды қоғамға бейімдеуге арналған. Міндеттері:
- Балалардың танымдық қабілеттерін түзету және дамыту.
- Өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.
- Болашақта өз бетінше өмір сүруге қажетті еңбек дағдыларын үйрету.
- Дефектологтар мен логопедтер: Сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту.
- Психологтар: Эмоционалды-ерік жігерін реттеу.
- Емдік дене шынықтыру (ЕДШ) мамандары: Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру.
- Кәсіптік-еңбекке баулу
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr



