★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
Сыртқы сапалық бағалаудан өткізу мақсатында ашық сабақ
2026 жылдың 28 сәуірінде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасында 6В06141 – «Виртуальды шындықты модельдеу және құру» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын сыртқы сапалық бағалаудан өткізу мақсатында ашық сабақтар мен сараптамалық кездесулер ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – аталған бағдарламаның халықаралық және ұлттық білім беру стандарттарына сәйкестігін растау.Аккредитациялық комиссия назарына факультеттің аға оқытушысы С.С. Момбекованың жетекшілігімен «Алгоритмдеу және бағдарламалау» тақырыбындағы ашық сабақ ұсынылды. Сабақ барысында заманауи педагогикалық технологиялар мен цифрлық құралдардың интеграциясы көрсетілді. Студенттердің теориялық білімді практикалық тұрғыда жүзеге асыру деңгейі және басқа да мамандандырылған бағдарламалық жасақтамалар арқылы тексерілді.
Мамандықтың өзектілігі оқу үдерісіндегі жоғары технологиялық жабдықтармен негізделеді. Студенттер мен оқытушылар құрамы келесі құралдарды тиімді пайдалану дағдыларын көрсетті:
Мамандықтың өзектілігі оқу үдерісіндегі жоғары технологиялық жабдықтармен негізделеді. Студенттер мен оқытушылар құрамы келесі құралдарды тиімді пайдалану дағдыларын көрсетті:
- VR-технологиялар: Виртуалды шындық гарнитуралары (VR-шлемдер) мен контроллерлері арқылы үш өлшемді модельдерді басқару.
- Интерактивті орта: STEM-білім берудің (Science, Technology, Engineering, Math) принциптерін қолдана отырып, инженерлік және өнер салаларын ақпараттық технологиялармен ұштастыру.
- Huawei ICT Academy: Университет базасындағы халықаралық деңгейдегі зертханалардың мүмкіндіктерін пайдалану.
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr

