★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
«Қалдықтарды азайту — таза қала және үнемді пайдалану»
Қазіргі таңда қоршаған ортаны өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың зиянды әсерінен қорғау, сондай-ақ қоғамда жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Тастанбекова Баян Омирзаховнаның ұйымдастыруымен, СТ-25-3р2 тобының білім алушылары мен кафедра оқытушыларының қатысуымен «Қалдықтарды азайту — таза қала және үнемді пайдалану» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында қалдықсыз өмір салты (Zero Waste) қағидаттарын насихаттау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және күнделікті тұрмыста қалдық көлемін азайтудың тиімді тәсілдері туралы ақпарат беру болды.Кураторлық сағат барысында пластик қалдықтардың табиғи ортада 400–500 жылға дейін ыдырамай сақталатыны және олардың микропластик түрінде адам ағзасына тигізетін кері әсерлері жан-жақты талқыланды. Білім алушылар аталған экологиялық мәселені шешудің тиімді тетігі ретінде халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын 3R (Reduce, Reuse, Recycle) қағидатын ұсынды. Атап айтқанда:
- Reduce (Азайту) – бір реттік пластик өнімдерді пайдалануды шектеп, олардың орнына көп мәрте қолданылатын мата сөмкелер мен термокружкаларды пайдалану;
- Reuse (Қайта пайдалану) – жарамды заттарды бірден тастамай, оларды қайта қолдану немесе қайырымдылық ұйымдарына беру;
- Recycle (Қайта өңдеу) – қағаз, пластик және электрондық қалдықтарды арнайы қабылдау орындарына өткізу арқылы қайта өңдеу үдерісіне қатысу.
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr

