★Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабын талқылау
Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы тақырыбында ИП-26-3кс, ИП25-3трс топтарында тәлімгерлік сағаттар өтілді. Мақсаты:Жастарға «Адал азамат» тұжырымдамасын түсіндіру, еңбекқорлыққа, білімпаздыққа және заңды құрметтеуге тәрбиелеу. Топтар тәлімгері Усенова А.Ж. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су жаңа кітабын таныстырды. Ол «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» деп аталады. Бұл жинақ Президенттің 30 жылдан астам уақыт ішіндегі (1994 жылғы мұрағаттардан бастап бүгінгі күнге дейінгі) ең маңызды баяндамалары мен халықаралық мінберлерде сөйлеген сөздері мен тезистерін қамтиды. Кітап 21 бөлімнен тұрады. Онда мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты, «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» тұжырымдамалары, тіл мен руханият мәселелері кеңінен қозғалған. Туындыда Президенттің Қазақстан ішіндегі және беделді халықаралық шараларда тілге тиек еткен негізгі тезистері мен маңызды мәлімдемелері топтастырылған. Кітаптың оқырманға берері мол.
Басқа жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықаралық академиялық ынты

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!
Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери және Энергетика» жоға

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу
Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен (Universiti Putr


