★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» әдеби- музыкалық кеш
Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, қарашаның 29-ы күні Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде әдеби-музыкалық кеш болып өтті.
25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келгенімізді, осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін әрқашан дәріптейміз.
Әдеби-музыкалық кеште тыңдаушылардың әсем әндері мен күйлері орындалып, Елбасына, Қазақстанға арнаған төл туындыларын тәуелсіздікке тарту етті. Әсіресе, шығармашылық тобының тыңдаушысы Шынарбек Тұрсынұлы мен 1-курс студенті Ардақ Орынбектің Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты айтылған «ақындар айтысы», Арқалық Әмәлиятұлының «Ұлылыққа тағзым», Есімбек Нұрлыбектің «Ту шыққандағы сезім» атты төл туындылары тамам жұртты таңқалдырып, еліктіріп әкетті.
Кеш соңында, Тәрбие ісі және жастар саясатының бас маманы Орынбекова Гүлжан, Қазақ елінің тәуелсіздік тұғырының биік болуын айта келе, шетелден келген қандастарымызға өзінің жүрекжарды құттықтау сөзін арнады.




Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ