★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Студенттік алғашқы белес-2016
2016 жылдың 31 қазанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Студенттік алғашқы белес - 2016» атты арнау концерті жоғары деңгейде өтті. Кешті факультетіміздің деканы тарих ғылымдарының докторы Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы және университеттің аға тәлімгері Бейсенов Сембай Дайрабайұлы ашып берді. Аталған кешке факультеттің өнерлі өрендері: Розыкулыев Мансур, Таубалды Жолау, Хамраев Тимур, Мұқият Нұржанат, Қадубек Бақберді, Серікхан Арай қатысып, әсерлі әндерімен, билерімен көрерменнің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді. Әлемнің 11 мемлекеттен келіп біздің университетте білім алып жүрген студенттер мен тыңдаушылар өздерінің сыйластық пен достық қарым-қатынастарын сахна төрінде паш етті. Сан ұлт өкілдерінің басын қосқан бұл концерт ерекшелігі – ұлтаралық татулықты дәріптеу, халықтар арасындағы достықты нығайту болып табылды. Осындай іс- шаралар көптеп өткізіліп, өнерлі жастарымыздың өрісін кеңейтіп, даңғыл жолға салып жіберуіне өлшеусіз үлес қосатындығына сеніміміз мол.



Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ