★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік »
Қазақстанның тәуелсіздігіне 26 жыл толуына байланысты желтоқсанның 8-і күні Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде әдеби-музыкалық кеш болып өтті.
Кеш Қазақстанның әнұранымен ашылған соң, факультетіміздің бас маманы Н.Абилхайыров жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтады.
Кеш барысында тыңдаушылардың әндері мен күйлері, туған жерге деген ыстық ықылас өлеңдері тыңдармандарды тәнті етті. Әсіресе, 9-шығармашылық тобының Метербай Бағашар мен Сламғазы Елестің өлеңдері, Нұржанат пен Қайсардың орындауындағы «Туған жерге тағзым» тақырыбы бойынша айтыс өнері көрерменнің ыстық ықыласына бөледі. Сонымен қатар, тыңдаушыларға ұсынылған желтоқсан шежіресі туралы бейне-жазба тарихтан сыр шертіп, жастардың болашаққа нық сеніммен қарауына ықпалын тигізді.



Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ