★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Тәуелсіздік – тұғырым
7.12.2017ж облыстық Ардагерлер үйінде Шетел студеттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті тыңдаушыларының ұйымдастырылуымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тірегім» атты мерекелік концерт өтті.
Өнерлі жастарды бастап барған факультет ағатәлімгер: А.Жанбай ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, тәуелсіздігіміздің тарихы мен бүгінгі жетістіктерімізге тоқталды.
Мерекелік шара барысында Е.Сіләмғазы «Сарыбидай» әнін Ш.Іңірбай «Тәуелсіздікке тарту» толғауын орындаса, жас ақындар А.Мақсат пен Б.Метербай тәуелсіздік туралы өз өлеңдерін оқыды. Айтыскер ақындар А.Орынбек пен Н. Базарбектің айтысы да көпшілік қауымның көңілінен шықты.
Кеш соңында мекеме басшылары мен ардагерлер қауымы талантты жастарға өз ризашылықтарын білдіріп, өнер әлеміне басқан алғашқы қадамдарының құтты болуына тілектестік білдірді.





Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ