★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Студенттік көктем – 2018
Жуырда университетімізде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Студенттік көктем -2018» байқауы өтті. Оқу орнымыздың 14 факультетінің өнерлі өрендері бақ сынаған айтулы байқауда біздің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің өнерлі жастары да белсене қатысып, жоғары орындардан көрінді.
Концерттік бағдарламаны 9-шығармашылық тобының тыңдаушылары Метербай Бағашар мен Зәбек Маржан жүргізіп отырса, «Эстрадалық ән» жанры бойынша сынға түсіп, «Сәлем,Астана!» әнін тамаша орындаған студентіміз Ф.Бахтовты әділ қазылар алқасы бірауыздан бас жүлдеге лайық деп тапты.
Сондай-ақ Ш.Іңірбай, Н.Базарбек, Ж.Күрес, Е.Ертайдың орындауындағы «Ереуіл атқа ер салмай» атты композициясы да көпшіліктің көңілінен шығып, бас жүлдені иеленді. Расында да бізді өнерлі жастарымыздың попури үлгісінде бабалар үнін ұлттық аспаптар арқылы шынайы жеткізе білуі қуантады.
Мұнан бөлек бұл айтулы байқауда факультетіміздің КТК командасы да оқ бойы озық шығып, І-орынды олжалады. Мәнерлеп оқу сайысына түскен Қ.Бауыржанның «Көш жолында» өлеңі де өз тыңдармандарын тауып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.


Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ