★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Кітап әлеміне саяхат
2018 жылдың мамыр айының 19-шы жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында болып, руханият ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Тыңдаушылар кітапхананың барлық бөлімдерін аралап көріп, жаңа кітаптар мен, мерзімді басылымдар залындағы газет-журналдарды қызыға қарап шықты. Шара барысында жастарымыз кітапхана оқырмандары мен қызметкерлеріне өз өнерлерін паш етіп, Ж.Күрес, Е.Ертай, Ш.Іңірбай, Н.Базарбектен құралған «Ұран» ұлт-аспаптар тобы «Ереуіл атқа ер салмай» композициясын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Іс-шара соңында кітапхана әкімшілігі тыңдаушы жастарды білім ордасына бастап келген факультет оқытушысы Ақбота Сейдалықызына алғыс айтып, жастарды рухани азық – кітаптан қол үзбеуге шақырды.



Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ