★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
«Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы – Ахмет Байтұрсынұлы»
2018 жылдың желтоқсан айының 13-і күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында «Алаш ардақтысы – Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 145 жыл толуына орай «Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты шығармашылық кеш өтті.
Кешті дайындық орталығының басшысы профессор, т.ғ.д., С.Н.Әлібек ағартушы – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен ғылым-білімге қосқан еңбектері туралы кеңінен сөз қозғап, іс- шараны ашып берді.
Мерекелік іс-шара барасында 10-география тобының тыңдаушысы Мұхамеджан Сіләмхан ақын, тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсыновқа өз арнауын тарту етті. Ал, өнерлі өрендеріміз Камалбек Дамубек пен Мұхамеджан Сіләмхан бүгінгі кешке орай ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлы туралы сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің қолданысы жайында шағын айтыс өткізіп, көрермен көңілін көтерді.
Кеш соңында ұстаздар Н.Бәйдібек пен А.Сейтметова өз сөздерінде ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек екендігін айтып қорытыланды.




Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ