★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Қазақстанның тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай, желтоқсанның 14-і күні Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кеште 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткендігі және осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі дәріптелді.
Тыңдаушылар ұйымдастырған мерекелік кеш өзінің патриоттық ән-күйімен, терме, айтысымен көрерменнің көңілінен шықты. Әсіресе айтыс өнерінің майталмандары Қытайдан келген қандастарымыз Исланбек пен Ерсіннің егемендікті арнайы тұздық қыла білген айтысы көрерменнің ризалығына бөленіп, үлкен өнерге жолдама алғандай болды. Кеш өз мәресіне жетті, ал тыңдаушылар орындарынан тік тұрып Ескендір Хасанғалиевтің «Туған жер» өлеңін орындауы, шетелден келген қазақ жастарының рухын көтерді.




Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ