★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының оқытушысы медальмен марапатталды
30 қазан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Алаш руханияты және Тәуелсіздік» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға еліміздің әр өңірінен танымы биік тарихшылар мен ғалымдар, сондай-ақ ақын-жазушылар, аталмыш оқу орнының оқытушылары қатысты. Осы конференцияда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының аға оқытушысы Ғалым Қасымханұлын 1920-1926 жылдар аралығында шыққан «Ақ жол» газетінің 25 томдығын төте жазудан транскрипциялап, Алаш мұрасын халықпен қайта қауыштырған еселі еңбегі үшін ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы «Алаштың» 100 жылдығына арнап «Ақ жол» партиясы дайындаған арнайы медальмен марапаттады. Құтты болсын



Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ