★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Тыңдаушылармен жиналыс өтті
9 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығына «Халықаралық байланыстар орталығынан» Хамераев Алишер, Өсербай Нурдаулет арнайы келіп, дайындық орталығында оқып жатқан тыңдаушылармен жиналыс өткізді. Жиналыста қандастарымызға шетел азаматтарының құжаттарын тіркеу жайында түсіндіріп өтті. Тыңдаушыларымыз көкейлерінде жүрген күңгірт мәселелерін ортаға тастап, сұрақтар қойып, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының жүріп-тұру заңдарымен, тәртіптерімен танысты. Жиналыс соңында Орталық басшысы Камалдинов Рахымбек тыңдаушыларға оқу орнындағы, жатақханадағы тәртіп жайында, оқу барысы жайында да сөз қозғады.



Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ