★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Елін сүйген Елбасы!
«1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» құтты болсын! 30 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген Елбасы!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Әлеуметтік жұмыс және тәрбие ісі жөніндегі проректоры С.Мәжінбеков, Дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек бастаған ұжымдағы ұстаздар мен тыңдаушылар қатысты.
Әуелі мемлекеттік Әнұранымыз асқақтата шырқалып, соңынан Елбасы Н.Ә.Назарбаев жайында түсірілген видеоролик көпшілік назарына ұсынылды. Дайындық орталығының өнерлі тыңдаушылары ортада күмбірлетіп күй шертіп, мың бұралып би биледі. Елбасымызға арналған өлеңдерді бірқатар тыңдаушылар әсем әуенмен мәнерлеп оқыды. Әсіресе, іс-шара қонағы С.Мәжінбековтың тыңдаушыларға Елбасымыздың ерен еңбегі жайлы, ел болашағы жайында айтқан әсерлі әңгімесі елімізге енді ғана келіп жатқан бауырластарымыздың жүректеріне жылылық ұялатқандай болды. Іс-шара соңында Дайындық орталығының тыңдаушылары Тұңғыш Президентіміз Елбасының, Қазақстан Республикасының жалпы жайынан терең мағлұмат алғандықтарын білдіріп, қуанышты көңіл-күйлерін тебірене жеткізді.



Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ