★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Тыңдаушылар ҰБТ-ға дайындық сынағынан өтті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тыңдаушылары оқу жылы барысында алған білімдерін тексеру мақсатында Шымкент қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығына қарасты "U-Study" мекемесінде компютерлік тестілеумен бақылау сынағынан өтті.
Талапкерлердің ҰБТ-ға дайындығын шыңдауға септігі тиетін осынау тестілеуге тыңдаушыларды орталық басшысы Камалдинов Рахымбек бастап барып, топ тәлімгерлері де олардың түгелдей қатысуын қамтамасыз етті. Ендеше, атажұртқа білім алуға келген қандастарымызға алдағы сынақтан сүрінбей өтіп, білім грантын иеленулеріне тілектестік білдіреміз.
Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ