★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Сұлтан Бейбарыс - түркі әлеміне ортақ тұлға
Дешті қыпшақ даласында туылып, алмағайып дүние, жаугершілік заманда құлдыққа сатылса да, ержүрек батырлығымен, ақыл-парасатымен Египетті билеген Бейбарыс сұлтанға 800 жыл толып отыр. Ұлы бабаларымызды ұрпаққа насихаттау мақсатында Шымкент қалалық Пушкин кітапханасы "Сұлтан Бейбарыс - түркі әлеміне ортақ тұлға" атты тарихи танымдық іс шара өткізді. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тыңдаушылары Байбарыс сұлтан жайындағы бұл іс-шарадағы жасалған баяндама, көрсетілген қойылымдардан батыр да данагөй бабамыздың өмірі мен ерліктерінен тереңірек мағлұмат алды. Әсіресе, Бейбарыс сұлтанның жат жерде жүрсе де өз туған елін, туған топырағын аңсап, сағынышын сәл де болса жусан исі арқылы басып отырғандығы ерекше тебірентті.




Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ