★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Өзбекстан Республикасына іссапар
М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек және дайындық орталығының оқытушысы Жұмағұлов Нұркен кәсіби бағдар беру, орталыққа жаңа оқу жылына тыңдаушылар тарту, фаундейшн бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Өзбекстан еліне іссапармен барды. Ауыл-аудандардағы, қалалардағы мектеп-интернаттарына барып, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ын таныстырып, оқытылатын мамандықтарды түсіндірді. Сонымен қатар, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Үсенов Серікбай Назарұлымен де кездесті. Ташкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың филиалына да барып, болашақ Шымкенттегі іргелі оқу ордасында оқығысы келетін жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ