★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Жұрт жүрегіндегі жазушы
М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығы іргелі оқу ордамыздың 5-жатақханасында жазушы, Қазақстанның Құрметті журналисті, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі — Захардин Қыстаубаевпен кездесу кешін өткізді.
"Жұрт жүрегіндегі жазушы" атты бұл іс-шарамызға дайындық орталығының тыңдаушылары мен оқытушылары қатысты.
Кеште жазушы Захардин Қыстаубаев өзінің шығармашылығы турасында кеңінен тоқталып, жалпы әдебиет, мәдениет төңірегінде әсерлі әңгімелер айтты. Дайындық орталығының былтырғы түлегі Парахат Тәжіғалиев ортаға күйден шашу шашты.
Тыңдаушылардың қойған әртүрлі сұрақтарына тұщымды жауап айтқан жазушы ағамыз сөз соңында елімізге келіп білім алып жатқан тыңдаушыларға ақ тілегін білдіріп, олардың келешек қадамына сәттілік тіледі.


Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ